Ануар: дүниеде өз орнымызда тауып, білім ізденуді тоқтатпайық

Менің есімім – Ануар. Бакалавриатты Назарбаев Университетінде және магистратураны Сингапур Ұлттық Университетінде механикалық инженерия мамандығы бойынша тәмамдадым. Қазір Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлік ғылымдар мектебінде ғылыми ассистентпін. Бұл қызметте жүргеніме бір жарым жылдай өтіпті.
Оқыған мамандығым IT саласынан алшақ болғаннан, бәлкім, оқу ордасында жүргенде болашақта өзімді ақпараттық технологиялар бағытында еш көрмеппін. Программалау бағытында білімім аз еді. Тек оқу біткеннен соң, жұмыс бастағанда MATLAB және Python тілдерін қолдану керек болып, соны үйрене бастағанда қызығушылығым пайда болды.

Сіз Qwant туралы қалай білдіңіз және неге қабылдадыңыз?
Дедлайн бітетін күні маған досым хабарласып, QWANT мектебі туралы хабар берді. Мен сайтын ашып, таныстым. Бағдарламаның өте керемет мүмкіндік екенін түсініп, еш ойланбастан тапсырдым.
Қазір Data Science бағытында оқып жатырмын. Осыған дейін бірнеше онлайн курстарды оқыдым, бірақ олардың тиімділігі мені қанағаттандырмады. Ол платформалар аса интерактивті емес, өзіңіз тұрып қалған тапсырмаларға байланысты өзіңізді толғандырған сұрақтарға жауапты ала алмайсыз.

Сізге біздің оқытуының қандай ерекшеліктері ұнайды? (мұғалімдерсіз / Жобалық жұмыс / peer-to-peer) Qwant-та оқытуы басқа бағдарламалардан қалай ерекшеленеді?
Бағдарламаның ең қатты ұнағаны – чат. Әр тапсырмаға байланысты бөлек чаттар ашылып, көп жағдайда сіздің сұрағаныңыз бұрын қойылған болады. Сұрақтың жауабын алып, ары қарай өзіңіздің тапсырмаңызды тез жалғастыра аласыз. Егер сұрағыңыз бұрын қойылмаған болса, сіз бірінші болып сол сұрақты қойып, содан соң көп созбай жауабыңызды ала аласыз.

Менторлармен және басқа студенттермен жұмысты қалай бағалайсыз? Студенттер бір — біріне шынымен көмектесе ме? Оқыту/жобалар туралы ең қиын нәрсе не болды және оны қалай шешкенсіз?
Менторлар да, студенттер де өте ашық, әрқашан көмектесуге дайын болып тұрады. Кейде менторларға жобаға байланысты сұрақ қойғанда, олардың қолдары тимей, жауабы ұзаққа созылып кетіп жатады. Сол кезде платформада сіздің жобаңызды бұрын бітіргендердің тізімін көруге болады. Сол студенттерді чатта тауып, жекеге жазып сұрай аласыз.

Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар? QWANT-тағы татәжірибе оларды жүзеге асыруға қалай көмектеседі? QWANT сізге кәсіби дамуға қалай көмектеседі?
Data Science бағытында жұмыс істеп, эксперт болғым келеді.
QWANT тек қана білім беріп қана қоймай, басқа да осы бағытта келе жатқан адамдармен танысуға, нетворкинг құруға көмектесті.

Болашақ студенттерге қандай кеңес берер едіңіз?
«Өткеннің арбасы алысқа бармайды» дегендей, азіргі заман талабы – жаңа бағытта оқып, жан-жақты, әрі өз саламызды терең зерттеген алғыр, кәнігі, білікті және бәсекеге қабілетті маман болу. Бенджамин Франклиннің «бос қапшықтың бір орында қалуы өте қиын» дегеніндей, тоқтаусыз дүниеде өз орнымызда тауып, әр қадамымызды нық басу үшін, білім ізденуді тоқтатпайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.